«2010 жылы туған ұл бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның бас сүйегі сынып, бас ішінде гематома пайда болған. Баланың жалпы жағдайы өте ауыр, тұрақсыз. Ол жансақтау бөлімінде жатыр», делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Еске сала кетейік, бүгін Шымкентте жолаушылар автобусы оқушыны қағып кеткен.