Жаңа арт-жоба паналау мақсатында ғана емес, ақпараттық көмек ретінде де тиімді. Онда қаладағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар туралы соңғы жаңалықтардан хабардар болып, ережелермен таныса аласыз. Сондай-ақ жастарға құтқарушылар мен өрт сөндірушілер мамандығын қалай меңгеруге және азаматтық қорғау қызметіне қалай жолдама алуға болатыны жазылған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тың идеяны алдағы мамыр мерекелері және Екібастұз қаласының 65 жылдығына орай іске асырып отыр. Жобаның орналасқан жері кездейсоқ таңдалған жоқ. Аялдама №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанында орын тепкен.
– Бұрын жұмысқа бара жатқанда айналаға көз тастап, болмашы ойдың жетегінде жүретінмін. Енді аялдамадан көптеген пайдалы ақпаратты оқып жүрмін. Ерекше жобаны қолға алған құтқарушыларға тұрғындар атынан алғысымды білдіремін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап жүрейік! – деді шаһар тұрғыны Жүсіпбек Жарқынбеков.
Өрт сөндіру көлігі тақырыбындағы мұндай арт-жоба Қазақстанда алғаш рет Екібастұз қаласында қолға алынғанын атап өткен жөн.