Жексенбіде Түркістан облысының таулы аудандарында бұршақ аралас жаңбыр жауған. Салдарынан 200-ден астам мал қырылған.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қақпақ елді мекенінде 200, ал Сарапхана ауылында 25 бас қырылған. Ал Заңғар елді мекенінде 7, Қарабауда 15, Тұғыртаста біреу, Қызылсеңгірде 12, Шанақ ауылында 20 үйге су кірген. Бүгінде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.
Су басқан аумақта Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері жұмыс істеп жүр.