Әлем • 25 Сәуір, 2022

Брянскіде мұнай базасынан өрт шықты

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

РФ Брянскі қаласындағы мұнай базасының аумағында резервуар өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Брянскіде мұнай базасынан өрт шықты

Брянск облыстық ТЖМ Бас басқармасының мәліметінше, өрт туралы хабар Мәскеу уақытымен сағат 02:00-де түскен.

«Оқиға орнына өрт-құтқару қызметі жіберілді. Оған өрттің жоғары деңгейі берілді. Оқиға орнына жеткенде мұнай базасының аумағынан өрт шыққаны анықталды», деп атап өтті ведомстводан.

Аяна Тоғанбек