Қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
«Тергеу жалғасуда, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді», делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сәйкес, әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы - мүгедек, 60-ы - зейнеткер.
Аяна Тоғанбек