Теннис • 25 Сәуір, 2022

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 18-орынға көтерілді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілердің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 18-орынға көтерілді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 19-дан 18-орынға көтерілді. Юлия Путинцева бірден жеті саты жоғарылап, 44-орынға жайғасты.

Зарина Дияс 116-сатыда келеді. Жұптық сында Анна Данилина 21-сатыда болса, Шымкенттегі ITF W15 жарысында жеңіске жеткен Жібек Құламбаева 300-орынға шықты.

Гөзал Айнитдинова 423-орында. Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик те көрсеткішін жақсартып, 33-тен 32-ге жоғарылады. Михаил Кукушкин 167-ден 164-ке, Дмитрий Попко 171-ден 169-ға көтерілді. Тимофей Скатов 194-інші, Денис Евсеев 345-інші, Бейбіт Жукаев 510-орында тұр.

Жұптық сында Андрей Голубев 26-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 243-сатыда келеді.