Қоғам • 25 Сәуір, 2022

Алаяқтық жасаған банк қызметкері ұсталды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының банк қызметкері тұтынушылардың атынан несие рәсімдеп, алаяқтық жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтық жасаған банк қызметкері ұсталды

28 қаңтарда Қарағанды ​​қаласы ПБ-ның Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғынынан арыз түсіріп, белгісіз біреу оның атынан 2 миллион 100 мың теңге көлемінде несие рәсімдегенін айтқан.

Тергеу нәтижесінде жәбірленушінің атына рәсімделген несие Нұр-Сұлтандағы банктердің бірінде берілген болып шықты. Полицейлер бұл қылмысқа арызданушының таныстарының қатысы бар деген нұсқамен жұмыс істеуге кірісті.

«20 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Ұсталған азаматтың жәбірленушіге несие берілген қаржы мекемесінің менеджері екені белгілі болды», делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы 18 қылмысқа қатыстылығын анықтады. Оның үстіне зардап шеккендер республиканың әр өңірінің тұрғындары болып шықты. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аяна Тоғанбек