Қоғам • 25 Сәуір, 2022

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 243 адам сотталды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 243 адам сотталды

«Қаңтар оқиғасы бойынша жалпы 265 қылмыстық іс сотқа жолданып, 243 адам сотталды. Қазіргі уақытта 585 күдікті қамауда отыр. Аталған адамдар қирату, ғимараттарды өртеу, қару жымқыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдары ғимараттарына қарулы шабуыл және басқа қылмыстарға белсенді түрде қатысқан. Әрбір қамалған күдікті бойынша олардың осы қылмыстарға қатысы бар екенін дәлелдейтін жеткілікті мәлімет бар. Бұған дейін біз Алматы қаласы әуежайына шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз, мұнда кейбір қылмыскерлердің рөлін түсіндіргім келеді», деді Е. Қилымжанов.

Осы орайда ол 5 қаңтарда Н. есімді азамат бір топ адаммен бірге Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарығын өшіргенін айтты.

«Осы ретте Н. өзінің әрекеттерімен стратегиялық объектінің қызметін тоқтатты, салдарынан жолаушылар мінген ұшақтар ұшып кете алмады және тоқтан ажыратылған ұшу-қону жолағында 10 сағаттан артық тұруға мәжбүр болды. Осы уақытта қарулы топ Алматы әуежайының ғимаратын қиратып, тонады. Н-нің іс-әрекеттері терроризм актісі, яғни Қылмыстық кодекстің 255-бабымен сараланды. Оның қылмыстарға қатысы бары жиналған дәлелдемелермен расталды», деді Бас прокуратура өкілі.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03