Қазақстан • 25 Сәуір, 2022

Ресейде Бауыржан Момышұлына қатысты «құпия» құжаттар табылды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Ресей мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих мұрағатында «құпия» белгісімен сақталған Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына қатысты кейбір құжаттарды оның немере інісі Бекет Момынқұлға тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ресейде Бауыржан Момышұлына қатысты «құпия» құжаттар табылды

Архивтік құжаттарды тапсыру рәсімі Қазақстан Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында өтті. Олардың ішінде партия билеті мен большевиктердің Бүкілодақтық Коммунистік партиясы мүшесінің есеп карточкасы, 1942 жылы жазылған ББКП мүшесінің тіркеу бланкісі, фотосуреттері және т. б. бар.

Алексей Бородавкин өз сөзінде биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толғанын айрықша атап өтті.

«Біз - одақтастармыз және доспыз. Бүгінгі қазақстандық достарымызға берілген мұрағаттық құжаттар осы қарым-қатынастың дәлелі», деді елші.

Ендігі кезекте Ресей тарапы Мәскеу және Подольск қаласындағы 11 мыңнан астам әскери құжаттар сақталған мұрағаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беруге дайын.

«Өте құпия» деген белгісі бар құжаттар Халық батыры Бауыржан Момышұлының өмірбаянындағы айтылмай қалған тарихи деректерді ғана емес, Ұлы Отан соғысының басында Мәскеу үшін болған ұрыста шайқасқан әйгілі Панфилов дивизиясының тарихи ерліктерін толтыруға көмектеседі.