Қаржы • 25 Сәуір, 2022

Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені 14%-ға дейін көтерді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылына 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені 14%-ға дейін көтерді

«Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға ауысуы жағдайында Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді», делінген ҰБ хабарламасында.