Конституциялық даму парадигмасына енгізілген тағы бір маңызды идея – мемлекеттік институттар біз куә болып отырған ішкі және сыртқы қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, үлкен құқықтық қабілетке, бәсекеге қабілеттілікке ие. Бұл аспектіде Президенттің рөлін, оның мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілеттіктерін шектейтін нормаларға ерекше тоқталу керек.
Егер осы іс-шараларға ғылыми, тұжырымдамалық сипаттама тұрғысынан мән беретін болсақ, онда Президент Конституция кепілінің рөлін күшейту жолын таңдады деп айта аламыз және мұнда ол тек елдің басшысы, Ата Заңымызға енгізілген конституциялық құндылықтардың кепілі ғана емес, сонымен қатар конституционализм идеясының кепілі ретінде әрекет етеді. Мәселе Мемлекет басшысының өкілеттіктерінің көлемі қысқарып қана қоймай, биліктің басқа тармақтарының, Парламенттің, мәслихаттардың күшеюіне байланысты. Сонымен бірге мемлекеттік билік жүйесінде жеке тұлғаның құқықтық қорғалуын күшейтетін ережелер қарастырылған.
Еліміз үшін конституциялық мәртебеге ие іргелі институттар пайда болды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Конституциялық сот, яғни билік жүйесінде адам бар, азамат өз құқықтарын қорғаудың кең мүмкіндіктеріне ие болады. Бұл тұрғыда кейіннен Конституциялық сот туралы дербес конституциялық заңдарды, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заңды қабылдау көзделген. Сонымен қатар прокуратура үшін конституциялық мәртебе қарастырылған.
Ел Конституциясына саяси кеңістігімізді демократияландыру, жаңғырту жағына өзгертетін бірқатар маңызды түзету жасалды. Азаматтардың саяси, әлеуметтік салалардағы құқықтары кеңейтіледі. Жаңа құқық қорғау институттарының қатары артып жатыр. Билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделі құрылады. Осы Конституциялық түзетулер мен тиісті конституциялық заңдар қабылдағаннан кейін азаматтар құқықтық тұрғыдан көбірек қорғалатын болады.
Индира ӘУБӘКІРОВА,
заң ғылымдарының докторы