Президенттік жастар кадрлық резерві – жастарға мүмкіндік беретін тамаша жоба. Оған еш таласымыз жоқ. Алайда жақында осы резервте тұрған жастармен тілдескеннен кейін бұл жобаның тиімділігіне күдікпен қарайтындай күй кешкеніміз рас.

Журналистік қызмет барысында резервте тұрған бірнеше жаспен сөйлесудің сәті түсті. Сонда байқағанымыз – ел болашағын сеніп тапсырамыз деп отырған кадрлардың көбі ана тілін білмейді. Біз сөйлескен он жастың ішінде бірде-бір басқа ұлттың өкілі жоқ. Бірақ олардың ішінен мемлекеттік тілде ойын емін-еркін жеткізіп, көзқарасын кедергісіз білдіре алатын жан болмады. Ең сорақысы, қазақ тілінде сөйлемек түгілі, он ауыз сөзді қағазға сауатты түсіре алмағанынан қысылып-қымтырылған, қынжылған бірде-бір жасты байқамадық. Өкінішті ме?! Өкініштіңіз не, қорқынышты! Өйткені, біздің білуімізше сол резервтегі жас кандидаттар саяси бәйгеден оза шауып шықса, министрліктер, әкімдіктер мен квазимемлекеттік секторларда жоғары лауазымды қызмет атқара алады. Ал талап бойынша кадр қорында тұрған кандидаттардың жасы 35-тен аспайтынын ескерсек, алдағы 30 жылда биліктің тілі тағы ресми тілден алысқа ұзап кете алмайды-ау, шамасы... Биліктің мемлекеттік тілде сөйлеуі тағы да отыз жылға созыла ма сонда?!.
Шыны керек, журналистер үшін қазақ тілінде ойын еркін, пікірін ашық әрі сауатты жеткізетін спикер табу қазірдің өзінде – үлкен мәселе. Әсіресе, билік басында жүргендерден мемлекеттік тілде бір ауыз пікір алу бір қиямет. Резервтегі жастардың қазақшасына қарап, қазақтілді БАҚ өкілдері бұл мәселемен әлі талай бетпе-бет келетін болар деген ойда қалдық.
Өткен жылы «Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасының екінші кезеңі басталды. Сол кезде биылғы басты ерекшелік – үміткерлерде мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификат болуы шарт деп қуанған едік. Алайда бұл сертификаттың да тек «сән үшін» екенін енді түсінгендей болып отырмыз. Қазіргі таңда кадрлық резервте 300 жас тұр. Соның 2-3-еуі ғана өзге ұлт өкілі болса, қалғандары – қаракөз қазақ жастары. Үміткерлердің 57 пайызы шет мемлекеттерде білім алса, 43 пайызы қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері. Іріктеудің қорытындысы бойынша 50 адам таңдап алынады. Бірақ бұл іріктеу кезінде қазақ жастарының мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай тексерілетіні түсініксіз. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы берілген сертификат тағы да көзбояушылық болғаны ма?!.
Жалпы, Президенттік кадр резервін жасақтау – Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды бастамаларының бірі. Бұл идеяны Мемлекет басшысы алғаш рет сайлауалды бағдарламасында жариялаған болатын. Кадрлық резерв мемлекеттік қызметтегі кадрларды жаңартуға жол ашары сөзсіз. Ел Президенті биылғы Жолдауында да жастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз», деді. Бүгінде Мемлекет басшысы жұмысшы және шығармашыл жастардың барлық бастамасын қолдайды. Алайда ана тілін қажет етпеген, мемлекеттік тілді игермеген жастардан ұлт қамын жейтін озық ойлы көшбасшы шығады дегенге сену қиын.
Жобаның басты мақсаты – білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру және жастар үшін әлеуметтік лифтінің ұтымды жүйесін құру. Бірақ резерв тек қана жоғары лауазымға ұсынылатын топ болып қалмауы керек. Ең алдымен, бұл бастама жастарды халыққа шын ниетімен қызмет етуге ынталандыруы тиіс. Ал халыққа қызмет ету – мемлекеттік тілде сөйлеуден, ана тілге деген құрметтен басталуы керек емес пе?!
Осыдан екі жыл бұрын Президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Жастар үшін әлеуметтік лифт орнықтыру керек. Мемлекеттік басқару ісіндегі және идеология саласындағы қателіктерді дер кезінде түзеткен жөн. Егер жұмыс осылай жүретін болса, сөзсіз әділдік орнайды» деген болатын. Қ.Тоқаев айтып отырған сол қателік кадрлық резервте де бар екенін мойындауымыз қажет. Сондықтан да бұл кемшілікті де дәл қазір қолға алмасақ, ертең кеш болатыны сөзсіз.
«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дейді Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан. Ал Мағжан ақын «көздерінде от ойнар», «сөздерінде жалын бар» жастарға сенім артты. Алайда Алаш арыстары сенген жалынды жастар елге қызмет етуде мемлекетшілдігін ғана емес, нағыз ұлтжандылығын танытса құба-құп. АНАСЫНЫҢ тілін ардақтамаған жастар мемлекеттік мүддені ұшпаққа шығарып, халықты жарылқайды деп айту қиын...
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар