Қаржы • 26 Сәуір, 2022

Қордағы қаржы көбейді

241 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші тоқсанның қортындысын жариялады. Ресми дерекке сүйенсек, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша салымшылардың шотында 13 трлн теңге зейнетақы жинағы қалыптасқан. Бір жыл ішінде қаражат 380,5 млрд теңгеге немесе 3 пайызға көбейген.

Қордағы қаржы көбейді

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған – 12,6 трлн теңге (соңғы 12 ай­дағы өсім 2,6 пайыз). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары 376,6 млрд теңгені (өсім 19,2 па­йыз) құрады. Ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,8 млрд теңгеге тең.

Осы жылдың үш айында қор салымшылары былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 84,6 млрд теңгеге көп қаражат салған. 2022 жылдың 1 сәуіріне қарай салымшылардың шоттарына шамамен 383,5 млрд теңге көлемінде зейнетақы жар­насы түсті. Бұл 2021 жыл­дың сәйкес кезеңіндегі көрсет­кіш­тен 28 пайызға артық. Жарна­лар­дың жалпы көлемінің 94,9 пайы­зы міндетті зейнетақы жарна­лары­ның үлесінде – 364,1 млрд теңге (соң­ғы 12 айдағы өсім 28 па­йыз). Міндетті кәсіптік зейнетақы жар­­налары бойынша 19,1 млрд тең­ге (өсім 38 пайыз) түсті. Ерік­ті зейнетақы жарналары бойынша 304 млн теңге (өсім 87 пайыз) аударылды.

Салымшылардың жар­на­лары­нан басқа, зейнетақы жи­­нақ­тарының өсімі таза инвес­ти­­циялық табыс арқылы қам­­та­масыз етілген. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуірі аралығын­да бұл көрсеткіш 295,8 млрд теңгеге тең болды.

э

Осы жылдың 1 сәуіріне қарай қордағы жеке зейнетақы шот­тарының саны 11,7 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылды – 10 868 993 бірлік. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары арқылы қалыптасқан шоттар – 562 481 бір­лік. Ал ерікті зейнетақы шоттары есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 69 188 бірлікке тең.

Жыл басынан бері қор өз салымшыларына 886,7 млрд теңге төлеген. Оның басым бөлігін тұр­ғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арнал­­­ған біржолғы зейнетақы төлем­дері құрайды – 822,1 млрд теңге. Жасына байланысты төлем­дер – 26,8 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 16,9 млрд тең­ге, Қазақстан шегінен тыс тұ­рақты тұруға кетуге байланыс­ты төлемдер – 12 млрд теңге, сақ­тан­дыру ұйымдарына аударым­дар – шамамен 6,9 млрд теңге, жер­леу­ге арналған төлемдер – 1,4 млрд теңге және мүгедектік бойын­ша төлемдер – 0,6 млрд теңге.

Бірыңғай жинақтаушы зей­нет­ақы қорынан кесте бойын­ша ай сайынғы орташа төлем (зей­нет жасына толуына байланыс­ты) 29 372 теңгені, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңгені құрады.