Елорда • 26 Сәуір, 2022

Елордада рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандарға 7 млн теңге айыппұл салынды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастап, қоқыс үйінділерін қалыптастырған 659 заң бұзушыға 7 млн 400 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандарға 7 млн теңге айыппұл салынды

Елорда әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлағандай тәртіп бұзушылар қыста қоқысты қардың астына жасырады.

Биыл осындай 12 үйінді жойылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал 2020 жылы 220-дан астам үйінді жойылған болатын.

«Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болмас үшін өткен жылдың маусым айынан бастап экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері 5 есе өсті. Яғни, жеке тұлғалар үшін ол 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-тен 100%-ға дейін, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 200%-ға дейін өсті.

2022 жылдың басынан бері 659 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылып, 7 млн 400 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Аудандық әкімдіктер, Экология департаменті, Табиғатты қорғау полициясы, «Ikomek 109» қызметі «Сергек» қалалық бейнебақылау камералары арқылы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзғандарды жауапқа тарту үшін күшейтілген жұмыс жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.