Қоғам • 26 Сәуір, 2022

Елордалық полицейлер есірткі заттарын өткізу арнасын жойды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полицейлер гараждан гашиш есірткісін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық полицейлер есірткі заттарын өткізу арнасын жойды

Ұзақ мерзімді арнайы жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 39 жастағы азамат ұсталған.

«Кинологиялық қызмет орталығының иттерін пайдалана отырып тінту барысында «Мирный» гараж кооперативінен полиэтилен қап табылды. Оның ішінде «гашиш» есірткі заты болған. Сатуға дайындалған заттың салмағы - 25 келі», деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Акбаров.

Тәркіленген есірткіні тұтыну көлемі 5000 бір реттік дозаны құрайды. Құны «қара нарықта» 30 миллион теңгеге жетеді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Күдікті өз кінәсін мойындады. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдар анықталуда», деп толықтырылған департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аяна Тоғанбек



Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25