Бұл сайысқа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шығыс тілдері кафедрасы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті, Шет тілдері және іскерлік карьера университеті, Сүлеймен Демирел университеті, Халықаралық қазақ-қытай тіл академиясы колледжінен жалпы 25-ке жуық студент қатысты.
– Тіл білу – сол елдің жанын түсіну деген сөз. Сол себепті, бұдан ұтпасақ, ешқашан ұтылмаймыз. Көп тілді білу, оқыту жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік береді, – дейді Қыздар университетінің бірінші проректоры Баходир Әлиев.
Аталмыш шараға арнайы қатысқан Алматы қаласындағы Қытай елшілігінің мәдениет және білім саласының елшісі Гау Чын мырза:
– Бүгінгі таңда қытай тілі ресми алты тілдің бірі және БҰҰ қолданыс тілі болып табылады. Бұл тілде әлем бойынша 1 млрд. 600 млн. адам сөйлейді. Соңғы жылдары қытай тілін үйренуге деген сұраныс күрт артты. Қазіргі таңда қытай тілін үйренушілердің саны 40 миллионға жетті және күн санап бұл көрсеткіш өсуде. Қытай тілі әлемнің жүзден аса елінің 4 мыңнан аса жоғары оқу орындарында оқытылады. Қазақстан елінде де қытай тіліне қызығушылық артуда. Қазақстан аумағында төрт Конфуций институты құрылды. Елдің ірі ЖОО-да қытай тілі орталықтары ашылды. Әсіресе, студенттер тарапынан қытай тілін үйренуге деген құлшыныс байқалады. Тіл – бұл халықтар арасындағы қатынас құралы. Танымал шет тілін білу әлемдік кеңістікке жол ашады. Бұл орайда, әлемдегі ең ежелгі де, ең әдемі тілдердің бірі саналатын – қытай тілінің көп пайдасы бар деп айтар едім, – деді.
Студенттердің білімін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты Конфуций институты директорының орынбасары Уаң Жың мырза бастаған қытай тілі мамандары бағалады.
Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті Ботагөз Сұлтанбекқызы жеңіп алды. Қытай тілінің білгірі атанған Бөтагөзге Қытай елшілігінің мәдениет және білім саласының елшісі Гау Чын мырза Қытай үкіметінің оқу грантын табыс етті. Оның айтуынша, Бөтагөзге Қытай елінің 200-ден аса ЖОО-дың бірінде тегін оқуға мүмкіндік берілмек. «Таңдауды жеңімпаздың өзі жасайды», деп атап өтті.
Осы арада Қыздар университетінің Қытай тілі орталығы 2011 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқанын, осыған дейін де бірнеше студент гранттарға ие болғанын айта кеткен жөн.
Бірінші орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Пернехан Балнұр иемденді. Жеңімпаздардың барлығына дипломдар мен Қытай елшілігінің арнайы сыйлықтары табыс етілді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06