Күзет қызметін күшейтуге бөлінген 322 миллион теңге түгенделмей жатыр
Бюджет қаражатын көргенде жемсауы бүлкілдеп тұратын қомағайлар Атырауда азаяр емес. Басқасы басқа, қу құлқынның қамын күйттегендер енді түрменің күзетін күшейтуге бөлінген бюджет қаржысына қол сала бастады. Бұған облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің түзеу мекемесіндегі жөндеу жұмыстарына жаратылуы тиіс бөлінген 322 миллион теңгенің ұрланғанын анықтауы айқын дәлел. Нақтылай айтқанда, «Еңбек Атырау» филиалының директоры 2013 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында түрменің инженерлік-техникалық құралдарына күрделі жөндеу жүргізуге және тұрғын аймақ объектілерін оқшаулауға байланысты Атыраудағы УГ-157/9 мекемесімен келісімшарт жасаған. Алайда, директордың түпкі ойында түрменің айналасынан мыңдап емес, бірнеше миллиондаған қаржыны қарпып қалу жоспары түзілген секілді. Сөйтіп, түрме күзетін күшейтуге жұмсалған құрылыс материалдарының бағасын өсіріп, жобалық-сметалық құжаттарды ауыстыру арқылы ірі көлемдегі (322 миллион теңге) бюджет қаражатын ұрлаған. Қазір аталған факті бойынша «Еңбек Атырау» филиалының директорына қатысты Қылмыстық кодекстің 176-бабының 3-бөлігімен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғалды. Бұл, әрине, бюджет қаражатын атырауша ұрлау әдісінің әлі де жуық арада тыйыла қоймайтынын байқатады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06