Оқу және тәрбие мекемелеріне бекітілген емханалар балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың арасында сырқаттанушылықты азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
Мысалы, Пришахтинскідегі емхананың біріне 8 мектеп тіркелген. Олардың әрқайсысында медпункт жабдықталған. Онда жыл бойы профилактикалық егулер мен қауіп тобындағы балаларға туберкулин диагностикасы жоспарланған. Мектеп оқушыларына тереңдетілген медициналық тексеру ұйымдастырылған. Сондай-ақ медбикенің міндетіне педагогтер ұжымына, мектеп қызметкерлеріне және асхана қызметкерлеріне жұмысқа рұқсат алу үшін санитарлық кітапшаларды бақылау кіреді.
«Мектептердегі барлық медицина қызметкерлері маман сертификатына ие, «Білім беру объектілерінің мейірбикесінің шұғыл көмек курсымен жұмысы» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтті, сондай-ақ жыл сайын профилактикалық егулерді жүргізуге және манту реакциясының сынамасын қоюға рұқсат берумен аттестаттау өткізіледі», дейді емхана басшысы Индира Мадиярова.
Оқу жылының басынан бастап емхана мамандары бір жарым мыңға жуық мектеп оқушысын тексерді, 88 бала невропатологтың толық тексеруіне жіберілді, 242 бала эндокринологтың ұсынымы бойынша тексеруден өтуі тиіс.
Аяна Тоғанбек