Елорда • 27 Сәуір, 2022

Елордада тегін автотұрақтар азайып бара жатыр

303 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің кедергілер жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оның барысында Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының елордада ақылы автотұрақтардың ұлғаюына қатысты өтініші қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz кәсіпкерлер палатасының сайтына сілтеме жасап.

Елордада тегін автотұрақтар азайып бара жатыр

«Әкімдіктің қаулысына сәйкес ақылы тұрақ орындарының саны 24-тен 536-ға дейін өсті, бұл 10 мыңға жуық тұрақ орны. Сонымен қатар бұл пулға бастапқыда ойлағандай, иесіз, жол бойындағы автотұрақтар емес, бұрын ғимарат иелері жалға алған автотұрақтар кірді. Қала оларды жеке меншікке сатып алуға мүмкіндік бермейді, өйткені олардың астында әдетте инженерлік желілер және т.б. өтеді. Бұл тұрақтар осы пулға алынды. Біз «Атамекенге» жаздық, осы сәтті пысықтадық. Бұл мәселені қазір көтеріп жатырмыз», деді отырыста сөз сөйлеген Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрағасы Қайрат Көкенов.

Оның айтуынша,  әкімдік бұл жерді Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына берген.

«Бұл басқарманың басшысы бізге бұл жалға беру емес, бұл басқарма деп жауап берді. Бірақ іс жүзінде Нұр-Сұлтан нарығында монополист құрылуда, ол жолдар жанындағы иесіз тұрақтарды басқарып қана қоймай, ғимараттар мен құрылыстардың жанындағы барлық тұрақ орындарын да қамтитын болады», деді Қайрат Көкенов.

Ол мұндай тәжірибе құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНжЕ) бұзатынын атап өтті, өйткені оларға сәйкес ғимарат тұрақсыз пайдаланыла алмайды. Сонымен қатар ақылы тұрақ орындарының көбеюі жол бойында стихиялық тұрақ құруға әкелуі мүмкін.

«Қауымдастық мүшелері талап-арыз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ғимараттардың айналасында ақылы тұрақ орындарын құру объектілердің тартымдылығын төмендетеді, өйткені тұрақтарсыз бірде бір объект клиенттерге қызығушылық танытпайды. Автотұрақсыз бизнес құлайды», – деді Қайрат Көкенов.

Сондай-ақ кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері көтерілген мәселенің өзектілігін атап өтті.

«Иә, шынында да, нарықты монополияландыру қаупі төніп тұр. Мәселені республикалық кедергілер Картасына енгізу үшін егжей-тегжейлі зерделеуді ұсынамын», деді кедергілер жөніндегі кеңестің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.