
Іс-шараның мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасына құрмет көрсету және оның өлеңдеріне деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында ғалымдар, әдебиеттанушылар, жазушылар мен ақындар Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында ой бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды.
Жиын аясында кітапхана қорынан «Тұманбай жыры – өшпес мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары, естеліктері, әндер жинағы мен фотосуреттері қойылды. Сондай-ақ қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.