Қоғам • 27 Сәуір, 2022

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды

Атырауда 35 жастағы ер адам заңсыз бронд­алған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) сатуға тырыс­қан. Бұл туралы 12 сәуір күні полицияға жед­ел ақпаратты Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы азаматқа тиесі­лі аталған әскери көлік табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта атал­ған факті бойынша ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейі­нгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін­де бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетейік, Атырау облысы Полиция департаменті атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 25 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын жүргізуде.

Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеген.

Аяна Тоғанбек