Экономика • 27 Сәуір, 2022

Ұлттық банк басшысы базалық мөлшерлеменің өсу себебін түсіндірді

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешімді түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк басшысы базалық мөлшерлеменің өсу себебін түсіндірді

ҚҰБ төрағасы Пірматовтың айтуынша, қазіргі жағдайда инфляцияның өсу үрдісін кері қайтару үшін базалық мөлшерлемені арттыру қажет. Бұл ретте базалық мөлшерлеменің деңгейіне қатысты шешім теңдестірілген және бұл шешім оның экономикалық белсенділікке әсерін ескере отырып қабылданады.

«Біз бұдан несиелеуге және экономикалық өсуге айтарлықтай қауіп төндірмейтінін көріп отырмыз, бірақ инфляцияны бақылау үшін аса маңызды. Белгіленген базалық мөлшерлеме деңгейіне қатысты айтатын болсақ, қазіргі уақытта оңтайлы шешім болғаны сөзсіз және бүгінгі қалыптасқан жағдайға толықтай сәйкес келеді. Жұмсартылған ақша-кредит саясаты бір мезеттік күмәнді пайдаға кенелтуі мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді перспективада оның салдары қайтарымсыз болады», деді Пірматов ҚҰБ-тың баспасөз-брифингі кезінде.

Брифингте айтылған мәліметке сәйкес, несиелендіру көлемінің өсуіне қарап экономикалық белсенділікті бағалауға болады. Мәселен, бірінші тоқсанда экономикаға берілген жаңа кредиттердің көлемі 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3 пайызға ұлғайған, оның ішінде бизнеске - 19,6 пайыз, халыққа - 32,5 пайыз.

«Дегенмен, 2022 жылғы наурыздың қорытындысы көрсеткендей, белгісіздік белең алып, несие беру шарттары өзгеріп жатқан жағдайда мөлшерлеменің көтерілгені кредиттеу үшін тежеуші фактор болмайды», деді Пірматов.

 

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылы 6 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті (ҚҰБ) 25 сәуірде базалық мөлшерлемені + / - 1,00 п. т. пайыздық дәлізімен жылдық 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025