Тағайындау • 27 Сәуір, 2022

Президенттік кадр резервіндегілер басшылық лауазымға тағайындалды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде басшылық лауазымдарға тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Президенттік кадр резервіндегілер басшылық лауазымға тағайындалды

Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры қызметіне Манасов Берік Жамбылұлы тағайындалды. Берік Манасов Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Қаржы және қаржы құқығы саласының маманы.

Еңбек жолын 2005 жылы қаржы талдаушысы болып бастаған. 2007-2008 жылдары қаржы ұйымдарында, 2008-2013 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды.

2013-2014 жылдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бас менеджері, кейін Қазынашылық департаментінің директоры болды.

2018 жылдан бастап «ҚазАгрогарант» АҚ ішкі бақылау қызметінің бастығы.

Сондай-ақ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры болып Хатепова Назгүл Серікқалиқызы тағайындалды.

Назгүл Хатепова Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ауыл шаруашылығы» мамандығы бойынша, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Еңбек жолын 2012 жылы сарапшы лауазымынан бастап, Ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі лауазымдарда табысты жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025