Парламент • 27 Сәуір, 2022

Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жояды

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жоятынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жояды

«Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазір конституциялық кеңесте. Президент арнайы жиын өткізгенін білесіздер. Сол жиында бәрін талқылап, жұмыс тобының есебін тыңдады, содан кейін Конституциялық кеңеске жіберді. Конституциялық кеңес сол жобаны жариялады. Жұмыс тобы қандай баптар ұсынып отырғанын жақсы білесіздер. Соның ішінде қазір сіз сұрап отырған бап Елбасының мәртебесі туралы ғой. Бұл жерде Елбасының мәртебесі, артықшылықтары алынып тасталды. Тек қана осы мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана сол конституцияда қалды. Ал бұл норма қабылданғанннан кейін Тұңғыш Президент туралы конституциялық заң күшін жояды деп күтілуде», деді Мәжіліс спикері БАҚ өкілдеріне баспасөз алаңында берген сұхбатында.

«Конституциядағы экс-президент туралы норма бұрынғы президентке қандай құзыреттер береді?» деп сұрады БАҚ өкілдері.

«Біріншіден, ар-намысы мен абыройын қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, зейнетақысы бар, көлігі бар, күзеті бар, осы мәселелерді қамтамасыз ету мемлекет тарапынан. Осындай құзырет беріледі», деді Ерлан Қошанов.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025