Парламент • 27 Сәуір, 2022

Президент сайлауына түсу ойымда жоқ – Ерлан Қошанов

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілістің баспасөз алаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Amanat партиясының атынан президент сайлауына түсу туралы жоспары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент сайлауына түсу ойымда жоқ – Ерлан Қошанов

«Ондай мәселені қарастырып отырған жоқпын. Жоспарымда да, ойымда да жоқ», деді Мәжіліс төрағасы.

«Президент партиядан шыққаннан кейін саси бәсекелестік артады. Менің ойымша, бұл партия жұмысында көрінеді. Біз Парламенттегі орындар үшін өзгелермен тең жағдайда күресуіміз керек. Бұл тек саяси бәсекелестікті күшейтеді. Amanat басқарушы партия және ол саяси күреске дайын», деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ ол Мәжіліс спикерінің басқарушы партияның төрағасы болуында ешқандай әділетсіздік жоқ деп есептейтінін жеткізді.

«Менің ойымша, ешқандай әділетсіздік жоқ. Заңнама тұрғысынан да қарама-қайшылық жоқ. Мен Мәжілістегі бұл орным мен партия төрағалығын заңды түрде алып отырмын. Бұл менің партияластарымның сенімі», деді Мәжіліс төрағасы.



 

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025