Үкімет • 27 Сәуір, 2022

Үкімет жанындағы комиссиялар саны 25-ке дейін қысқарды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын орындау үшін 30-дан астам іс-шарадан тұратын Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылып жатқаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет жанындағы комиссиялар саны 25-ке дейін қысқарды

Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік органдарды нәтижелі жұмысқа, азаматтарды толғандыратын мәселелерді тиімді әрі сапалы шешуге бағыттауға мүмкіндік береді. Мәселен, бүгінгі таңда Үкімет қаулысымен комиссиялар саны 70-тен 25-ке дейін қысқартылды. Осындай жұмыстар министрліктерде де жүзеге асады. Құжаттарды қарау мерзімін екі есе қысқартатын, сондай-ақ норма шығару процесін қайта құратын Үкіметтің жаңа регламенті әзіленіп жатыр. Регламенттің жаңа редакциясы жақын арада бекітіледі.

Сонымен қатар Үкімет басшылығының қолданыстағы тапсырмалары тексеріліп жатыр. Маңыздылығын жойған және қайталанатын тапсырмалардың барлығы алынып тасталады.

Сондай-ақ «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және бюрократиядан арылту жөніндегі ұсыныстарды жинайтын онлайн-ресурс құрылады.

«Іс-қимыл жоспары өте қысқа мерзімде орындалуы тиіс. Барлық тармақтың орындалу сапасына назар аударуды сұраймын», деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың жұмысын едәуір жеңілдетіп, қоғам үшін барынша тиімді әрі ашық болуы тиіс екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025