Елордада 24-30 сәуір аралығында «Ұзақ өмір» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – вакцинаны алудың маңыздылығын және оның қолжетімділігін көрсету, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Вакциналар бізге асқынусыз және аурусыз өмір сүруге, толыққанды салауатты өмір сүруге мүмкіндік береді. Екпе арқылы алдын алуға болатын аурулар жыл сайын күшейіп барады, салдарынан асқынуларға, тіпті жас балалардың мезгілсіз өліміне әкеледі. Қазіргі уақытта иммунизацияның баламасы жоқ деп айтуға болады», дейді қаланың штаттан тыс педиатр дәрігері Дана Әбілғазина.
Оның айтуынша, иммундау мәселесі тек медицина қызметкерлерге міндеттелмейді және міндеттелмеуі керек. Бұл әрбір адамның жеке жауапкершілігі.
«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы біз тек хабарлап, түсіндіріп бере аламыз. Ал вакцинаны алу әрбір адам үшін қажеттілік болып қала береді. Соңғы уақыттары екпенің қауіпсіздігі туралы пікірлер көбейді. Дегенмен жалған фактілер мен материалдар да жарияланып тұрады, тиісінше теріс мағынада қызу талқыланып жатады. Бұл пікірлер орынсыз, өйткені ол нақты дәлелденбеген немесе біреудің жеке пікіріне ғана негізделген», дейді маман.
Сөз арасында бұл қоғамда үлкен резонанс тудыратынын, салдарынан жұрт арасында негізсіз қорқыныш пайда болатынын айтты.
«Вакцина алғаннан кейінгі кез келген реакция инфекциялардың асқынуынан әлдеқайда жеңіл. Ол аурудың салдарымен салыстыруға келмейді. Мысалы, қызамық ауруын алыңыз. Балалық шақта ауру жеңіл өткенмен жүкті әйелдер үшін өте қауіпті болып есептеледі. Егер әйел қызамықпен ауырса, бұл жатырдағы сәбидің туа біткен деформациясына, түсік тастауына, сол сияқты өлі туылуына әкелуі мүмкін. Немесе полиомиелит ауруы параличтің дамуына әкелуі, нәтижесінде адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Егер дифтерия пайда болса, аурудан кейінгі өлім жағдайының тәуелділігі өте жоғары болмақ. Бұл тізімді ары қарай да жалғастыра беруге болады. Кез келген ата-ана өз баласының денсаулығы үшін жауапты, сондықтан уақытылы екпе алудың қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек. Вакцина балаңызға ешқандай зиян тигізбейді, тек аурудың асқынуының немесе өлімнің алдын алады», - деп қосты Дана Әбілғазина.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, елордада 18 жасқа дейінгі 400 мыңға жуық бала тұрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 1 жасқа дейінгі балалардың 97% қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы профилактикалық екпе алды. Алайда 2 жасқа дейінгі балаларды көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы профилактикалық екпемен қамту 84,6%-ды ғана құрады.
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар