Оқиға • 27 Сәуір, 2022

Жамбыл облысында заңсыз алтын қазғандар ұсталды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан «Қаракөз» шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында заңсыз алтын қазғандар ұсталды

Полиция қызметкерлері 1976, 1992,1994 және 1990 жылдары туған алты жұмысшыны ұстады. Оның бесеуі - Жамбыл облысының, ал біреуі - Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Тергеу анықтағандай, ұсталған адамдар биылғы 21 сәуірде кен орнына жүк машинасымен келіп, рұқсатсыз құрамында алтыны бар кенді қазып, 20 қапқа салып алған. Префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда сот-химиялық сараптама тағайындалған.

Мемлекетке келген залал көлемі белгіленеді.



 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025