Оқиға • 27 Сәуір, 2022

Атырауда балықтың қырылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда балықтың қырылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда балықтың қырылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Асхат Қасымовтың айтуынша, Қайыршақты ауылдық округіндегі канал мен Безымянный су қоймасында балықтың қырылу дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 336-бабына сәйкес балық қорын қорғау ережелерін бұзу дерегімен жүргізіліп жатыр. Кеше, 26 сәуірде Атырау қаласының маңындағы Қайыршақты ауылдық округіндегі Безымянный көлінде ұсақ балықтың қырылғаны анықталды. Соған байланысты арнайы комиссия құрылды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Ғайсиннің мәліметіне сүйенсек, балықтың қырылуына қайраңға шығып қалғаны себеп болуы мүмкін. Ал облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, балықтардың уылдырық шашу орнына еркін кіруі үшін Қайыршақты округі аумағынан 800 метр канал қазылған. Каналдың тереңдігі – шамамен 1 метр.

Мамандар Безымянный көлінен қаракөз балығының 65 келі өлі шабағын жинаған. Табиғат қорғау прокуратурасы мен инспекция мамандары өңірдегі су айдындарында мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл облыс прокурорының бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025