Аймақтар • 27 Сәуір, 2022

Өскеменде соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 15 ардагер қалды. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.



Өскеменде соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде Жеңіс күніне орай біржолғы төлем алатын 3768 адам бар. Бұл мақсатта 220 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

«Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектерінің әрқайсысына 1,5 млн теңгеден беріледі. Бүгінгі таңда шаһарда осындай 15 адам қалды. Ардагерлердің жұбайлары (150 адам), марапатталған тыл еңбеккерлері (69 адам), концлагерь тұтқындары (9 адам), қоршауда қалған Ленинград тұрғындары (5 адам) 100 мың теңгеден алады. Сондай-ақ тыл еңбеккері мәртебесін алған 3519 азаматқа 50 000 теңгеден беріледі», дейді қала әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Біржолғы төлемдерден басқа да әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы «Уба» санаторийінде 67 тыл еңбеккері санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.



Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025