Руханият • 27 Сәуір, 2022

Анкарада Алаш ардақтылары ұлықталды

342 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «Ұлы тұлғалар және Түркі әлемі» атты келелі басқосу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анкарада Алаш ардақтылары ұлықталды

ЮНЕСКО  аясында  өткізіп жатқан Аталған шара  ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, сонымен қатар, заңғар жазушы М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшісі Еркебұлан Сапиев, Түркия парламентінің депутаты Үлкер Гүзәл,  Еуразия жазушылар одағының  төрағасы Якуб Омероглу, Хаджеттепе Университетінің профессоры Осман Хората, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері мен танымал ғалымдар, елшілік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тағылымды шара аясында қос бірдей тұрғырлы тұлғаның мерейтойына орай Халықаралық Түркі академиясы әзірлеп жарыққа шығарған бірқатар еңбектердің таныстыру рәсімі өтті.

Атап айтқанда, Түркі академиясы дайындаған «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағына Ақаңның замандастары, кейінгі буын өкілдері және қазіргі зерттеушілердің таңдаулы мақалалары топтастырылған. Бұл еңбектің ағылшын және чех тілдеріндегі нұсқалары да Түркі академиясы мен Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігінің бірлесуімен жарық көргенін айта кету керек.

Сонымен қатар Түркі академиясы кезінде алаш арыстарымен бірге Ахмет Байтұрсынұлы да белсенді қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салған “Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі” материалдарын қайта басып шығарып отыр. Бірегей басылымға төте жазумен басылған толық факсимилесі де қоса берілді. Бұл тарихи сиезге қазақ даласынан ғана емес, Түркістаннан, Бұхарадан, Мәскеуден түркі халықтарының кейбір беделді тұлғалары өкіл болып қатысқан.

Түркі академиясы таныстырған келесі еңбек — Мұхтар Әуезовтың әйгілі қырғыз эпосы “Манас” туралы монографиясы  әуезовтанушылар мен Манас эпосын зерттеушілерге көмекші құрал болары сөзсіз. Аталған еңбектің 1936 жылы машинкаға терілген дайын нұсқасының көшірмесі Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты Қолжазбалар қорында сақталған.  Ғылыми қосымша ретінде осы үлгінің толық факсимилесі де жарияланды. Сонымен қатар жинаққа 1952 жылы 8 маусымда Фрунзе қаласында өткен «Манас» жырын зерттеуге арналған конференцияда М.Әуезовтің жасаған «Создать народный вариант «Манаса» деген әйгілі баяндамасы да енгізілді.

Басқосу аясында түркі әлемінің тарихи-мәдени байланыстарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Хаджеттепе Университетінің профессоры Осман Хората Түркі Академияcының Алтын медалімен, Еуразия жазушылар одағының  төрағасы Якуб Омероглу Академия тағайындаған «Әлішер Науаи» Алтын медалімен медалімен марапталды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025