Аймақтар • 28 Сәуір, 2022

Отыз жылдыққа – 30 жоба

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдық мерейтойына арналған 30 жобаның таныстырылымы өтті.

Отыз жылдыққа – 30 жоба

облысы әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, 30 жобаның серіктес мекемелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқа­сының өкілдері, қала тұр­ғындары, университет ұжы­мы мен студенттер қатысты. Универ­ситет ректоры Жанар Те­мір­бекова оқу орнының қуа­ны­шына ортақтасып келген әрбір жанға ризашылығын білдіріп, 30 жобаның мақсаттары мен мін­деттеріне тоқталды. «Уни­вер­ситеттің негізгі миссиялары – білім беру және ғылым-инно­вацияны дамыту. Бірақ тағы бір маңызды миссия бар – қоғамға пайдалы болу. Бүгін сіздерге таныстырғалы отырған 30 жоба осы идея негізінде пайда болған. Сан саланы қамтитын бұл жобалардың мақсаты: университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру сапасы мен ғылыми әлеуетті және облыс пен қала халқының кәсіби біліктілігін арттыру», деді ректор. Ал ректор өкілі Женгиз Томар мен вице-ректорлар әр жобаны жеке таныстырды. Жоба туралы идея қайдан шыққаны, қанша қаражат кеткені, қандай серіктестермен жұмыс атқарылғаны туралы толық әрі ашық ақпарат берді.

Маңызды 30 жоба құра­мында «Ана жұрттан ата жұртқа – денсаулық көпірі», «Ана жұрттан ата жұртқа – білім көпірі: 100 оқулық», «Ана жұрттан ата жұртқа – «Алтын білезік» кәсіби білім курстары» және Теология факультетін ашу, «Ясауи көк­темгі мектебі», «Тұрақты даму ғы­лыми-зерттеу орталығы», уни­верситеттің 300 студентінің Түркия Республикаcына жазғы мектепке жіберілуі, 100 студенттің Түркияда туризм саласы бойынша тағылымдамадан өтуі сынды және тағы басқа да маңызды жобалар бар. Қазіргі таңда бұл жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Таныстырылым рәсімі кон­церттік бағдарлама форматында өтіп, өнер­паздар би биледі, ән айт­ты, аспаптарда ойнап, күй тартты.