Ол шекарадан телескопиялық таяқ алып өтпекші болған.
- Павлодар облысындағы «Үрлітөбе» автомобильдік өткізу бекетінде телескопиялық таяқты өткізбек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл зат оның спорт сөмкесінде рентген аппаратының көмегімен табылды. Тәртіп бұзушы Ресей Федерациясынан «Омбы – Павлодар» бағытымен келе жатқан. Ол телескопиялық таяқшаның соққылы-жарғыш типті суық қаруға жататынын және оны Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынғанын білмеген, - деді ҰҚК Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілі.
Енді ол ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша жауапкершілікке тартылмақ.