Ел аумағы осыдан 2 жыл бұрын коронавирус шектеулеріне байланысты шетелдіктер үшін жабылған болатын. Осының кесірінен таудағы бизнес шығынға белшеден батты. Осы салада жұмыс істейтін 30 миллионға жуық тұрғын дағдарыс зардабын тартты. Енді Непал шамамен 2 жарым миллиондай турист қабылдауға дайын. Жергілікті турагенттіктер бұрынғы бағдардан бөлек жаңа саяхат жолдарын ашып жатыр. Тізімде парашютпен секіру, парапланеризм, банджи-джа́мпинг пайда болды. Мамандардың айтуынша, туризмді індетке дейінгі қалпына келтіру үшін біраз уақыт керек.
Аяна Тоғанбек