Білім • 29 Сәуір, 2022

«3. 2. 1. Старт!» байқауы мәресіне жетті

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүлде қоры 5 млн теңгені құрайтын республикалық байқау мәресіне жетті. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға дайын белсенді жастардың жобаларын қолдауға бағытталған.

«3. 2. 1. Старт!» байқауы мәресіне жетті

Аталған жоба – Coca-Cola Icecek Kazakhstan компа­ния­сының бастамасы. 2016 жыл­дан бері өткізіліп келген байқауда бақ сынауға биыл 300-ге жуық өтінім түскен. Кон­курстық комиссия ең үздік идея­лар ав­тор­ларына жобаларын жү­зе­ге асыруына грант берді. Же­ңімпаздардың жобаларына тоқ­талсақ: Жансүгір Серіков «Гидропондық әдіс­пен қияр өсіру» жобасына 1,5 млн теңге; Аян Мұхтасипов «Аймақтарда қазақ тілінде за­ма­науи биден онлайн курс­тар өткізу» жобасына 1,5 млн теңге; Жанарыс Түбекбаев «Қаржылық сауат­тылықты дамыту платформасы» жобасы үшін 1 млн теңге; Сәния Аринова «Қыздар мен әйелдерге арналған көп рет қолданылатын матадан жасалған экологиялық таза төсемелер шығару» жобасына 1 млн теңге иеленді.

Байқауды ұйымдастырушы компанияның өкілі Алима Исем­­баева: «Біз әуелде жас­тар­­­дың дамуына үлес қосуды көздедік. Сөйтіп сарап­шы­ларды, тәлімгерлер мен жаттық­ты­рушыларды тартып, жастарға түрлі тренинг ұйымдастыра бастадық. Сол семинарларда жас­тар өздерінің өміріне қа­жет­ті дағдыларды меңгере ала­ды. Дегенмен уақыт өте келе жобамыздың бұдан да көп нәтиже бере алатынын біліп, өзекті әлеуметтік мәселелерді ше­шуге бағытталған үздік идея­­­ға жыл сайын байқау өткі­зу­­ді ұйғардық. Осылайша, үз­дік идеялардың авторлары өз жобаларын жүзеге асыру мақ­сатында компаниямыздан ақ­шалай грант алу үшін бә­секеге түсу мүм­кін­ді­гіне ие бол­ды», деді.

Бай­қауға қатысушылар қар­жылық қолдауға қоса оқу бағ­дар­ламасынан өтіп, тәжірибелі мамандардан сабақ алады.