Аймақтар • 29 Сәуір, 2022

Алматыда инновациялық шығармашылық орталық салынады

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда балаларды мектептен тыс білім беруге тарту бойынша көшбасшылардың бірі – Алатау ауданы. Мұнда спорттың 25 түрі бойынша 107 спорт секциясы жұмыс істейді. Оған 10 мыңнан астам бала қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Алматыда инновациялық шығармашылық орталық салынады

Алматы әкімдігінің мәліметінше, «Almaty Arena» жанынан жабық жеңіл атлетикалық манеж салу жоспарланып отыр. Осылайша заманауи спорт кластері қалыптасады.

Инновациялық шығармашылық орталығының (Оқушылар сарайы) құрылысы жүргізіліп жатыр. Орталыққа аптасына 5 мыңнан астам бала бара алады. Құрылыс жұмысы келесі жылы аяқталады.

Балалардың білім беру, спорт және шығармашылық үйірмелерге қатысуы қала бюджетінен қаржыландырылады.

Бүгінде Алатау ауданында 58 шығармашылық бағыт бойынша 215 үйірме ашылды. Зерделі шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Нұркент шағын ауданында үлкен теннис орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Аяна Тоғанбек