Президент • 29 Сәуір, 2022

Президент «Жаңа Қазақстан» түсінігін бұрмаламауға шақырды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды «Жаңа Қазақстан» түсінігін бұрмаламауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент «Жаңа Қазақстан» түсінігін бұрмаламауға шақырды

«Жаңа Қазақстан - серпінді өзгеріп жатқан әлемде жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтудың жолы. «Жаңа Қазақстан» түсінігін бұрмаламау керек.

Сондай әдетіміз бар - қандай да бір саяси жаңалық шықса, соның төңірегінде пікірталас өрбиді, содан кейін бұл пікірталас жәй мылжыңға айналады. Қандай да бір түсінік, термин немесе саяси категория бұрмаланып, біздің тұрғындарға, әсіресе, жастарға мүлдем қызықсыз болып қалады», деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.