«Біздің журналистер ұлтты қазақстандық құндылықтардың төңірегіне топтастыру, мемлекеттілігіміз бен халық бірлігін нығайту сияқты ең маңызды миссияны атқарып жатыр... Расында да біздің заманда фейк жаңалықтар, бір сөзбен айтқанда, жалған ақпарат кең етек алды. Қазақстанға қатысты ұлттық бірлікке нұқсан келтіруді көздейтін мақсатты жалған ақпарат деп аталатын ерекше бағыт бар. Біз бұл мәселеде аса қырағы болып, арандатушылыққа бой алдырмауымыз керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Президенттің айтуынша, Қазақстандағы баспа БАҚ, радио, теледидар, жалпы алғанда, ұлтаралық қатынастар саласын объективті түрде көрсетеді.
«Бірақ әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар кейде қоғамымызды ақпараттық тұрғыдан адастырып жіберетінін де көріп жүрміз. Еліміздің әрбір азаматы қоғамдық салаға қадам басқанда ұлттық мүдделерімізді, Қазақстанның ұлттық мүдделерін, қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы аса маңызды. Бұрынғыдай болған және бола беретін сыртқы қақтығыстар халық арасында араздық тудыруда ұлтаралық араздықты қоздыру үшін пайдаланылуына жол берілмейді», деді мемлекет басшысы.