Шымкент қаласы бойынша былтыр 10 611 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала аумағында тіркелген ұрлықтардың жалпы саны 12,0 пайызға төмендеп, ашылымы 15,8 пайызға артқан. Оның ішінде, пәтер ұрлығы қылмыстарының саны 6,3 пайызға азайды. Интернет алаяқтық бойынша 281 қылмыстық іс тіркеліп, оның 34-і сотқа жолданған, 181 іс тергеуде.
Өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесуінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков осындай деректер келтірді. Қала тұрғындары, ардагерлер мен қоғам белсендері қатысқан кездесу барысында, атқарылған жұмыстар мен ІІМ нұсқауымен жаңадан қолданысқа енгізілген «Қорғау» бағдарламасы жайында фильм көрсетілді. Сондай-ақ, полиция генерал-майоры үшінші мегаполистегі жалпы криминалдық жағдай мен ағымдағы жылдың жедел-қызметтік жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қылмысқа қарсы күресте бірқатар индикаторларды тапсырғанын атап өтті. Яғни мал ұрлығы, есірткі бизнесіне қарсы күрес, жол-көлік оқиғалары мен ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейіне тоқталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, полиция қызметкерлері интернет алаяқтықпен айналысқан 5 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Қоғам дертіне айналған есірткі қылмысы бойынша өткен жылы 350 құқық бұзушылық жайты анықталып, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 24 күдіктіден құралған 5 қылмыстық топ ұсталды. Осыған байланысты былтыр заңсыз айналымнан 90 келіге жуық есірткі заттары тәркіленген. Сондай-ақ, өткен жылдың өзінде қала аумағында 435 жөл-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 76 адам қаза тапты. Ауыр дене жарақатымен 400-ге жуық азамат емханаға жеткізілген. Жалпы жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуына жүргізушілердің жылдамдықты шаман тыс арттырып, қарсы жолаққа шығуы, қауіпсіздік белдеуін тақпай, мас күйінде тізгінге отыруы себеп. Осы орайда, ІІМ-нің нұсқауымен 20-сәуірден бастап мегаполис аумағында «Қорғау» арнайы бағдарламасы іске қосылды.
Генералдың есебінен соң, қала тұрғындары мен қоғам белсенділері ашық микрофон алдында өзекті мәселелерін жеткізіп, шешімін тыңдады. Қаратау ауданының тұрғындары мектеп көшелеріне жол белгілері мен «Сергек» жүйесіне қосылған бейнекамераларды орнатуды сұрады. Бұл орайда Қайрат Дәлбеков министрлік тапсырмасымен алдағы уақытта қала аумағына тағы 800 жаңа бейнекамера орнатылатынын, аталған аудан тұрғындарының өтініші ескерілетінін айтты. Сондай-ақ, «Нұрсәт», «Күншығыс» шағын ауданының азаматшалары автотұрақ мәселесі жайында сауалдарына жауап алды. Және жеке сұрақпен келген азаматтардың өтініштері қанағаттандырылып, бірқатар мәселелер басты назарға алынды.
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
1453 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 789 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұлттық спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Цинциннатидегі турнир басталды
Спорт • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар