Елорда • 29 Сәуір, 2022

Елордада жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразия ұлттық университетінде елордалық ЖОО түлектері мен елорданың жұмыссыз жастары үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені «Астана жастары» КММ ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің мақсаты жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыру болып табылатынын атап өтті.

Айта кетейік, жәрмеңкеге қаланың 30-дан астам жұмыс берушісі қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Жастар үшін бұл бос жұмыс орындары нарығын өздері қалаған салада зерттеуге және бірнеше жұмыс берушілермен бір жерде тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік.

Айта кету керек, бос орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, ізденушілер үшін де ақысыз негізде өткізіледі.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамту, «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кеңес алуға және мемлекеттік гранттар туралы білуге болады.

«Мұндай іс - шараларға қатысудың мансаптық жолын бастаған жас ұрпақ үшін маңызы зор, өйткені ол қызметтің ең қызықты салаларын және қызметкер ретінде өзінің «құнын» анықтауға көмектеседі», деп атап өтті «Астана жастарында».