Аймақтар • 30 Сәуір, 2022

Полиция көлігі мен жеңіл көлік соқтығысынан 2 адам зардап шекті

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында патрульдік полиция көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 

Полиция көлігі мен жеңіл көлік соқтығысынан 2 адам зардап шекті

«30 сәуір күні сағат 02.30-да Ақтау қаласының 5 және 8 шағын аудандарының қиылысында патрульдік полиция автокөлігі мен «Hyundai Accent» маркалы автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оның салдарынан 2 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бірі үйіне жіберілді, екіншісі ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалы жүріп жатыр. «Автотехникалық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», дейді ведомстводан.


 

Соңғы жаңалықтар

Заңнамадағы оң өзгерістер

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Атқарылған жұмыс аз емес

Саясат • Бүгін, 08:37

Тиімділік пен ашықтық үйлесімі

Экономика • Бүгін, 08:33

Қарулы күштер қуаты

Айбын • Бүгін, 08:30