Осы жылдың 1-7 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты С.Рахимов көшесіндегі Ғұмар Қараш көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген басқарма хабарламасында.