Парламент • 02 Мамыр, 2022

Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады

«Құрметті достар!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – адамзатты қайырымдылық пен мейірімділікке шақыратын, өзара көмек пен жанашырлықты дәріптейтін мейрам. Шын мәнінде, айт кезінде күллі мұсылман қауымы бір-біріне ақжарма тілегін арнауға, айналасына жылу сыйлауға және қамкөңіл жандарға қамқорлық танытуға асығады. Бүкіл әлем аумалы-төкпелі күйге түскен қазіргідей кезеңде мұндай құндылықтардың маңызы зор. Сондықтан айт мейрамының мәні де, мазмұны да ерекше.

Сіздерді қасиетті мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Отыз күн бойы ауыз бекітіп, ораза тұтқан жандарға ниеттеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деймін. Айттан айтқа аман-есен жете берейік.

Ораза айт құтты болсын!»,  деп жазды Мәулен Әшімбаев.