Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Тәуелсіздік тарихындағы жаңа кезең

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы еліміздің негізгі заңына енгізіле­тін өзгерістер бо­йынша референдум өткізуді ұсынды. Референдум – осындай өзгерістердің жаңа кезеңі және тәуелсіздік тарихындағы жаңа кезең, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты іске асуы.

Тәуелсіздік тарихындағы  жаңа кезең

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаң­ғыру жолы» атты Жолдауында атап өткендей, елімізді саяси жаңғырусыз және одан әрі демократияландырусыз прогресс пен ауқымды әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мүмкін емес.

Конституцияға енгізілетін өзгеріс­терде демократиялық қайта құруға деген адалдық­ты көрсететін маңызды саяси реформалар бар екенін атап өткен жөн. Шын мәнінде, жаңа өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа үлгісі – жаңа Қазақстан­ды дамытуға серпін береді және Қазақстан азаматтары республикалық референдумда маңызды шешім қабылдайтын болады.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға сәй­кес референдумды ұйымдастыру мен өткізу ашық әрі жария түрде жүзеге асады. Қазақстан Республи­ка­сы­ның азаматтары мен қоғам­дық бірлестіктеріне референдумға шығарылған мәселе бойынша өз пікірін білдіру құқығына кепілдік беріледі.

Референдум қабылдаған шешімнің жа­рия­ланған кезден бастап Қазақстан Рес­пуб­­ликасының бүкіл аумағын­да міндетті түр­де күші болады және рес­публика Прези­денті­нің немесе мем­лекеттік өкімет орган­дары­ның актілерімен растауды қажет етпейді.

Біздің ортақ мақсаттары­мызды жүзеге асырудағы сал­мақ­тылық пен табандылық, жаңа жағдайға ашық­тық пен қол жеткен жетістіктерді құрмет­теу біздің ұлттық мүдделерімізге сай келетінін және бүкіл Қазақ­стан халқы­ның игілігі үшін дамуға тікелей ықпал ететінін атап өткім келеді.

 

Владимир ВОЛКОВ,

Сенат депутаты