Аймақтар • 03 Мамыр, 2022

Жаңаөзенде мың адам жұмысқа орналастырылады – Мағзұм Мырзағалиев

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Жаңаөзенде мың адам жұмысқа орналастырылады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Жаңаөзенде мың адам жұмысқа орналастырылады – Мағзұм Мырзағалиев

«Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «ҚазМұнайГаз» компаниясы жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетіп жатқанын атап өткім келеді. Осы жылы Жаңаөзенде мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 682 адамды «ӨзенМұнайГаздың» қолданыстағы жұмысына орналастыру алгоритмі бойынша қамтысақ, ал 318 адам мердігерлік ұйымдарда қызмет ететін болады», деді компания басшысы «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кеңес барысында.

Оның айтуынша, «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бюджетінде аталған адамдарды жұмысқа орналастыруға қажетті қаражат көзделген.

«Жалпы, компаниямыз халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге арналған шараларды одан ары жүзеге асыра береді», деді Мағзұм Мырзағалиев.