ANTIKOR • 03 Мамыр, 2022

Жемқорлық қылмысын хабарлаған 2 азамат сыйақы алды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша хабар берген 5 азамат сыйақы алған. Биыл тағы екі тұрғын аталған сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлық қылмысын хабарлаған 2 азамат сыйақы алды

Сыйақы мөлшері анықталған қылмыстың санатына байланысты белгіленген.

«Залал мөлшері 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, 10 пайыздық тетік қолданады. Мысалы, 6 млн теңге залал келтірілсе, хабарлаушыға 600 000 теңге төленеді. Ал, ең көп мемлекеттік кепіл ретінде бере алатын сома 12 млн теңгені құрайды. Ол үшін хабар беруші 120 млн теңге залал келтірілген қылмыс туралы хабарлауы керек», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сәмет Нұрдәулет.

Айта кетейік, жалпы Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы 2 есеге өскен. Өткен жылдың бірінші тоқсанында 12 қылмыс тіркелсе, биыл 35 қылмыс анықталып отыр.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау салаларында және қаржы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінде орын алған.