Оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.
«2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды», деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметі.