Қоғам • 03 Мамыр, 2022

Қаңтар оқиғасы: 288 қылмыстық іс сотқа жолданды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаңтар оқиғасы бойынша 288 қылмыстық іс сотқа жолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: 288 қылмыстық іс сотқа жолданды

«Бұған дейін хабарланғандай, тергеудің аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолдануда. Қазіргі уақытта, сотқа 288 қылмыстық іс жолданды, оның 208-і Алматы қаласында, Алматы облысы – 49, Жамбыл – 10, Шымкент қаласында – 9, Қызылорда – 5, Түркістан – 4, Ақмола – 2 және Атырау облысында – 1», деді Бас Прокуратура өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, аталған істер негізінде 275 адам сотталған.

«Оның ішінде 22 адам бас бостандығынан айыруға, қалғандарына бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстар және айыппұл түріндегі жаза қолданылды», деді Елдос Қилымжанов.



Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні жүреді

Табиғат • Бүгін, 11:28

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • Кеше

Театр тұйғыны

Театр • Кеше

Киелі күй иесі

Тұлға • Кеше

Сапаға мән береді

Еңбек • Кеше