ANTIKOR • 03 Мамыр, 2022

Шымкентте қарамағындағылардан пара алған майор ұсталды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Антикор және ІІМ полиция сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Шымкентте қарамағындағылардан пара алған майор ұсталды

27 сәуірде қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағы қызметкерлерден 178 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін Шымкент полиция майоры К. Әлімханов ұсталды. Әлімхановтың өз қызметкерлерінен жалпы қамқорлығы үшін полк басшылығына 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың сәуіріне дейін ай сайын пара алудың қосымша фактілері анықталды.

Әлімхановтың автокөлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпай рота инспекторларымен алдын ала сөз байласу бойынша адамдардан 130 мың теңге сомасында пара алған. Сондай-ақ Әлімхановтың заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қол астындағылардан 2 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алғаны анықталды.

Әлімхановқа қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ-нің сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі бірлескен жұмысы жалғасады.