«Алатау ауданының полиция басқармасының қызметкерлерімен арнайы шаралар жүргізу барысында күдіктінің кім екені анықталып, аталған тұлға полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда аталған тұлғамен арнайы тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның әрекетіне тиісті және заңды процессуалды шешім қабылданады», деп хабарлады Алатау ауданының прокуратурасы.
Ведомство мәліметінше, 74 жастағы әйелді өзінің 50 жастағы ұлы ұрған.
«Алатау ауданының полиция басқармасы 1972 жылы туған С.А.В.-ға қатысты өзінің 1948 жылы туған С.Н.И. анасына аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмысты тергеу барысы прокурордың жеке бақылауында», деп хабарлады прокуратурадан.